Комиссия 8-сынып оқушысы өлтірілген мектеп басшылығының іс-қимылдарына баға береді

деп хабарлады ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов.

"Бұл өте қайғылы жағдай. Ұлдың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтқым келеді. Қазір тергеу жүргізілуде, түсінік бермей қоя тұрсақ. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерге келер болсақ, комиссия бәрін қарап, шешім шығарады, ол туралы қосымша хабарлаймыз", деді министр сәрсенбіде парламент арасында журналистерге.

Алдында хабарланғандай, Астанада N76 орта мектепте 8-ші сыныптың оқушысы ренжісіп қалып, сыныптасын шарик қаламсаппен кеуде клеткасына ұрған, ол тесіп өткен, бала сол орында қаза болған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.