Коммерциялық баспана секторындағы проблемалар еліміздегі жалпы құрылыс көлеміне әсерін тигізбейді - Сұлтанов

"Құрылыс саласындағы өсім 2009-2011 жылдарда орта есеппен 8% құрайды", -деді Б. Сұлтанов.

"Қазір коммерциялық баспана секторындағы проблемаларды байқап отырмыз, бірақ бұл - еліміздегі жалпы құрылыс көлемінің үштен бір бөлігін ғана иемденеді. Сол себепті алдағы үш жылда біз құрылыс өсімінің жалпы қарқыны жыл сайын 8 пайызды құрайды деп болжап отырмыз", - деді министр.