"Коммуналдық диверсия емес пе?": Жезқазғаннан да суыт хабар жетті

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын жеке парақшасында жазған. Желі қолданушылары арасында ақпаратты растап отырғандар да бар, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Тұрғындарға жылу жетпей жатыр екен. Бірақ бұл ақпаратты жергілікті билік жасырып отыр деседі. Рас өтірігін нақты білмеймін. Егер оқырмандарымның арасында Жезқазған тұрғындары болса, анығын айтыңыздаршы", - деген Диас Нұрақын.

Ал, фейсбук қолданушылары "Бұл ақпарат рас. Анам сонда тұрады. Жылу жоқ. Тұрғындар арыз жазып шаршады" деп ақпаратты растауда.

Сондай-ақ, журналист  мұны "
коммуналдық диверсия емес пе
?" деген күдігін де жеткізіпті.

"Қыс басталмай жатып қатып-сеніп жатырмыз. Қаңтар мен ақпанда қайтер екенбіз? Бүгін Петропавлда су құбырлары жарылып, қала тіршілік нәрінен толық ажырады. Жылдың төрт мезгілі жаз болып тұратын жылы континетте емеспіз. Дәл биыл қазандықтардың қирап, жұрттың жаппай жылусыз қалуында бір кілтипан бар сияқты. Коммуналдық диверсия емес пе осы? Қорқайын дедім...", - деп толықтырды Диас Нұрақын. 

Еске салсақ, жылу беру мекемесіндегі апаттың салдарынан Екібастұз қаласы бірнеше күннен бері жылусыз қалды.