Жер үйдегі тұрғындар ауласы мен көше бойындағы қарды өз күштерімен тасуы тиіс. Әйтсе де, жалғызбасты қарттардың оған мүмкіндігі де, қаражаты да жете бермейді. Сондықтан өңірдегі жастар ұйымдары бірлесіп, оларға қол ұшын беруде. Жастар су басып қалуы мүмкін деген аудандарды өзара бөлісіп алыпты. Топтасып зейнеткерлердің ауласындағы қарды күреп, еңбектері үшін қарттардың батасына қарық болып жатыр.