Коммуналдық меншікті жекешелендіруге 5 жыл мерзіммен тыйым салу керек - ұлттық комиссияның жұмыс тобының төрайымы

"Мәслихатар мен жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері толыққанды сипатта құрылып бітпейінше, коммуналдық меншік нысандары мен инфрақұрылымды жекешелендіруге 5 жыл мерзіммен заң жүзінде тыйым салу керек. Осындай нысандарды жекешелендірудің орындылығы туралы мәселені жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері ақылдаса отырып ашық түрде шешуге тиіс",- деді Д.Назарбаева.

Оның айтуынша, "дәл қазіргі таңда коммуналдық меншікке иелік жасауды басқару деңгейлері арасында нақты бөліп беретін біртұтас мемлекеттік меншік реестрі деген атымен жоқ". "Бұл ретте мемлекеттің активтері мен міндеттемелерінің балансын жасау қажет",- деп пайымдайды Д.Назарбаева.
"Қазір бізде жергілікті деңгейдегі коммуналдық меншік нысандары туралы, коммуналдық меншік нысандарының ахуалы туралы, яғни, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жағдайына қатысты мәліметтер жоқ",- деді ол.
Осыған байланысты жұмыс тобы төрайымының пікірінше, мемлекеттік меншік туралы және коммуналдық меншік туралы заңдардың жобалары жасалуы мүмкін. "Коммуналдық меншік туралы заң жобасы жергілікті мемлекеттік басқару органы мен жергілікті өзін-өзі басқару органының басқаруына берілетін мемлекеттік коммуналдық меншіктердің аражігін ажыратып беруі тиіс",- дейді депутат.