Агенттіктің Атырау облыстық басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда республиканың су шаруашылығы жүйелеріндегі нормативтік техникалық шығын деңгейі 60 пайызға, желілердегі электр қуатын жоғалту деңгейі 22 пайызға, жылу желілерінде 33 пайызға дейін жетеді. Сонымен бірге, тек нормативтік шығындардың өтемақы шығыны тарифте 50 пайызға дейін жетеді.
Осыған байланысты өткен жылы монополияға қарсы басқарма 3 субъект бойынша нормативтік шығын көлемін азайтқан. Ол осы фактордың көрсетіліп отыратын қызметтер тарифінің деңгейіне әсерін азайтуға мүмкіндік берді, - деп атап көрсетті Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өңірлік басқармасы.