Кездесуде Сыздықов сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кандидат әсіресе, «батыс мәдениетінің ықпалына» ден қойған. «Зорлық-зомбылықты насихаттайтын шет елдің фильмдері мен жылдам әзірленетін тағамдардан бас тартуымыз қажет»-дейді, үміткер. Айтуынша, батыс елдерінен енген бұлар қазақ қоғамының жауы. Ал, елді жарқын болашаққа жетелеу үшін маркістік лениндік ілімге сүйену керек екен.
Тұрғын Сыздықов,
ҚР Президенттігіне үміткер:
-Біздер, коммунистер үшін марксизм – қоршаған әлемнің өзгеруімен бірге үнемі дамып отыратын, қоғамда қордаланған және жаңа деректерді ой елегінен өткізетін шығармашылық ғылым. Диалектикалық материализм негізіне құрылған марксизмнің күші мен өміршеңдігін тарих дәлелдеп отыр.
Loading...