Коммунист Сыздықов Голливуд фильмдеріне шүйлікті

Сыздықов әсіресе, әлемде белең алған дағдарыс пен жұмыссыздыққа кеңінен тоқталды. Айтуынша осының бәріне батыс киноматографиясы кінәлі. Себебі, олар қоғамның дамуын тежеп, адами құндылықтардан ада ететін нәрселерді насихаттайтын көрінеді. Сондықтан Қазақстан коммунистік халықтық партиясы атынан додаға түсіп жатқан кандидат батысқа еліктемей, өз ойларын іске асыруға шақырды.

Тұрғын Сыздықов, ҚР Президенттігіне үміткер:

-Бұл жерде әдебиеттің басты талабы назарға алынбайтын сияқты. Бұрыңғыдай көркем, ойлы шығармалардың аздығы мені қатты алаңдатады.

Loading...