"Өткен жолғы сайлаумен салыстырар болсақ, одан кем дауыс алмауға тиіспіз. Қарқынды күшейте түсу керек, біздің партия үнінің қарапайым халықтың өмірін жақсартуда мәні үлкен екендігіне адамдарды сендіруіміз керек”, деді Т.Сыздықов Астанада сейсенбіде журналистерге.
Т.Сыздықов атап өткендей, ол өзінің партиясының бағдарламасын әр қазақстандық азаматқа жеткізуге тырысатын болады.
Алдында хабарланғандай, сейсенбіде ОСК Т.Сыздықовты президентікке кандидат ретінде тіркеген.
2011 жылы өткен президенттік сайлауда Ж.Ахметбековты қолдап сайлаушылардың 111 924 дауыс берген, бұл 1,36%, эколог Мэлс Елеусізов үшін - 94 452 сайлаушы (1,15%), патриоттар партиясының көшбасы Ғани Қасымовты қолдап - 159 036 сайлаушы (1,94%), елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшін 7 млн 850 мың адам дауыс берген, бұл 95,55%.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 26-сәуір күні өтеді.