Коммунистер Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына кімді кандидат ретінде ұсынатындықтарын белгілеп алды


Астанада сәрсенбіде өткен съезд барысында делегаттар бірауыздан Тұрғын Сыздықовтың кандидатурасын мақұлдады.
Т.Сыздықовтың кандидатурасын партияның парламенттік фракциясының басшысы Владислав Косарев ұсынды.
"Мен президенттікке кандидат ретінде Сыздықов Тұрғын Ысқақұлын ұсынғым келеді. Ол 1947 жылы туған. Жоғары комсомол мектебін бітірген. Соңғы жылдары Ақмола облысында кәсіподақтардың бірінің орталық комитетін басқарып отыр”, деді В.Косарев.