Видеоны өзінің Instagram парақшасында бөліскен алаштанушы Елдос Алаш бұл сорақы жағдай Бейнеуде болғанын жазған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Комунистік жүйені аңсағандар ұрпақты улап жатыр. 100 пайыз қазақ тұратын қияндағы Бейнеуде болған сорақы жағдай.
Бейнеудің Абай атындағы мектебін осыдан 30 жыл бұрын бітірген комунист түлектер аудандық Мәдениет үйінде осындай іс-шара өткізген. ( Әкімнің идеологияға жауапты орынбасары жетекшілік еткен, себебі ол да 30 жыл бұрын мектеп бітірген).
Сахнадағы жауқазындарды көріп аяймын...Жаңа ұрпаққа қызыл шұлғауды ұстатып, шылғау қарғыбау таққызған қандай жынұрған екен, ә?! Советтік жүйенің тақпақтарын жаттау деген - Тәуелсіздік ұрпақтарын қорлау емес пе!
Уа, алдыңғы буын!
Өздерің коммунист болғандарыңмен қоймай, кейінгі буынға ауруларыңды жұқтырасыңдар ма?! Жоқ, бізге ешқандай қызыл жүйе керек емес.
Ата-бабамызды қырған, атқан, жерімізге бомба тастаған жүйені емешегі үзіле, осылай да сүюге, сағынуға болады екен, о, тоба!", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары да бұл іс-шараны ұйымдастырғандарды жерден алып, жерге салуда.
"Құлдық сананың сарқыншақтары", "Қызыл иттің ұрпақтары бар болып тұр ғой", "Сұмдық, масқара", "Бұны ұйымдастырғандар жауапқа тартылды ма?", деп жазды олар.