Композитор Әбілтаев Назарбаевқа "Қазақстан - Нұрсұлтан" күйін шертіп берді

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, композитор Шәміл Әбілтаев президентпен кездесуде өз қызметі туралы әңгімелеп, шығармашылық жоспарымен бөлісті.

«Кездесуде сазгер президент Теміртауда жұмыс істеп жүрген 1973 жылы жазған сөзге шығарылған «Шұбар ат» әнін орындап берді. Сонымен қатар, Ш.Әбілтаев өзі құрастырған «Қазақстан – Нұрсұлтан» портрет күйін орындады.

Бұл күні Н.Назарбаев Білім және ғылым министрлігі әдебиет институтының директоры Уәлихан Қалижановпен кездесіп, қазіргі Қазақстандағы гуманитарлық ғылым мен зиялы қауымның ахуалын талқылады.

Н.Назарбаев зиялық қауым берік өркениетті мемлекет құру үшін қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ерекше үлес қосуы тиіс екенін атап көрсетті.

У.Қалижанов институттың қазіргі қызметі мен алдағы жоспары, Мұхтар Әуезовтың шығармашылық мұрасын зерттеп, насихаттауға бағытталған жұмыс туралы, қазақ әдебиеті тарихы саласындағы зерттеулер туралы баяндап берді.

Жазушы және қоғамдық қайраткер Дулат Исабековпен кездесуде отандық мәдениетті дамыту және қазіргі әдеби үрдісті дамыту мәселелерін талқылады.


Мемлекет басшысы жазушылар мен қазақстандықтардың мәдениеті мен рухани баюына тікелей ықпал ететін барлық шығармашылық өкілдердің қызметінің маңыздылығын атап көрсетті және алда табыс тіледі.

Д.Исабеков өзінің соңғы туындылары мен шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Ол таяуда Лондонда «Жол-жөнекей жолаушы» сахналық қойылымының премьерасы мен ағылшын тіліндегі кітаптың тұсаукесері өтетінін мәлімдеді.