“Көмуге асықпаңдар, мен өлген жоқпын" Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" жабылды ма деген сауалға жауап берді

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Астарлы ақиқат" жабылды ма? Осы сұрақты маған қоймаған жан жоқ шығар, сірә. Әсіресе, "AQ MAMA" атты жаңа жобам эфирге жол тартқалы елде тараған қауесет одан сайын үдеп кеткендей.

Астарлы ақиқат жобасы "КТК" телеарнасының бағдарламалар кестесінде тұр. Күнде өз уақытында көрсетіліп те жатыр. Қоғамдағы өткір мәселелер мен қиын тағдырлар жөнінде түсірілген бағдарламаларымыздың көрсетілер күні жақын деп сенгім келеді. Бірақ оны шешетін мен емес.

Бәлкім, "Астарлы ақиқаттай" қарымы мен қауқары мықты алып күш кей адамдарға, кей арналарға, кей органдарға кедергі келтірсе керек. Бұл менің субьективті ойым. Ал ақиқаты ... ақтарылар. Сондықтан Астарлы ақиқатымды көмуге асықпаңдар. Мен өлген жоқпын. Тірлігім де өлмес.

Ал медиадағы "әріптестер" бізге ұқсауға талпынып жатқанда, біз, яғни @dinatolepbergenmedia жаңа форматтарды өмірге келтіріп жатырмыз. Соның бірі- "AQMAMA"


Өмір бір орында тұрмайды. Адам да шығармашылық аясын кеңейтуі керек. Бастысы- еліңе, ісіңе, өзіңе адал болу.

Сәттілік тек тура жолдан таймайтындарға серік!

Құрметпен: Дина Төлепберген",- деп жазба қалдырды.

https://www.instagram.com/p/CZ9zr2yowa2/

Дина ханымның оқырмандары: "Жабылмасын","Мықты жоба ғой","Қызықсыз болып қалады","Дина ханым кткдан кетпеңізші",- деп пікір қалдырды.