"Көн осыған". Golden Boy Головкинді мазақ етті

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) ісін жүргізетін Golden Boy Promotions компаниясы әлеуметтік желіде қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) қарымта жекпе-жекке арналған әзілді видео жариялады.

Видео боксшылар арасындағы алғашқы жекпе-жек сәттерінің үзінділерінен құралған, онда Альварес Головкиннің соққыларын тигізбейді. Роликтің соңында көпшілікке танымал мем Deal with it ("көн осыған") ойналады.
 

Golden Boy Boxing✔@GoldenBoyBoxing

Wear your shades

5:22 - 28 июн. 2018 г.

Еске салайық Головкин мен "Канело" қарымтасы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile арнеасында өтеді және HBO арнасында ақылы трансляциялар жүесі арқылы (PPV) көрсетіледі.