Адвокат оларға қатысты көпшілік арасында кең тараған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz.
Бұл туралы ол отандық журналистердің біріне берген сұхбатында мәлімдеді.
"Сот оларға осындай шешім шығарған. Олар тек кешкі 10-нан таңғы 7-ге дейін үйде болуы тиіс, қалған уақытта үйден шыға алады. Мысалы, сауда орталықтарына баруға болады. Себебі балалары кішкентай ғой, оларға әке-шешең үйқамақта отыр деп айта алмайсың.
Сол сияқты олар телефон, WatsApp-ен де пайдалана алады, тек осы іске қатысы бар жандармен ғана байланыса алмайды. Қолдарына сотқа дейінгі органдар браслет бермеген. Әлеуметтік желімен олар қолданбайды", - деді адвокат.