Концертке тегін билет аламын деп сотталған шенеунікке үкім өзгерді


- 20 билетті алып олар концертке барады. Ал менің киеуімді 8 жылға абақтыға жабады. Неге? Жақында жаңалықтардан 800 мың теңге пара алған Талғар қаласының әкімін көрсетті. Ол бес жыл шартты мерзімге кесілген. Сонда әділдік қайда? Айтыңыздаршы?

Сол жолы соттың тым қатал жазалағанына налыған шендінің жұбайы осылай деп жылаған еді. Ресей эстрадасы жұлдыздары Агутин мен Варумның концертіне 26 билет сұраймын деп басы бәлеге қалған Талғат Ақылбековтың қолына сот залында кісен салынған. Қалалық сот оның «билеттерді  облыстық әкімдіктегі басшыларға таратпақ болдым» дегенін ескерген жоқ. Есесіне оның бұл уәжіне облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы құлақ асқан сыңайлы. Олар алдыңғы үкімнің күшін жойып, экс-шенеунікке төрт жыл шартты мерзім кесті.