«Конденсат» «Шығысты» ұтқанымен, «Есілден» жеңіліп қалды

Қос турдан кейін бесінші орында келе жатқан оралдықтар бастапқыда көш бастаушылардың бірі Хромтаудың «ТНК Казхром» командасынан ұтылып, екінші кездесуінде үшінші орындағы Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысын» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал турнир кестесіндегі көршісі, төртінші орындағы «Есілмен» өткен кездесу 2:3 есебімен петропавлдықтардың пайдасына шешілді. Жалпы, тартысты өтіп жатқан бұл турда жеңілмеген команда қалған жоқ.

«Конденсат» енді «Атырау», «Алматы» командаларымен күш сынасады. Үшінші тур 16 ақпанда мәреге жетпек.