Аялдамаға жетпей, қоғамдық көлік кілт тоқтаса керек, есіктен ұшқан бойда 24 жастағы жігіт доңғалақтың астына құлаған. Оқиға орнында тіл тартпай кетіпті. Автобус жүргізушісі тешегішті шұғыл басуыма, алдымнан көсе-көлденең жеңіл көліктің шығуы себеп болды деп ақталды. Ал, есіктің неліктен ашық тұрғанын ашып айта алмады. Қазір жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.