Конгодо шахта опырылып, 200-ден астам адам көз жұмды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Конго тау-кен министрлігі жариялаған мәлімдемеде айтылғандай, оқиға «ерекше қатты нөсерден» кейін колтанмен қамтамасыз етілуімен танымал Солтүстік Киву провинциясындағы Рубая ауданындағы шахтада болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 200-ден астам адам қайтыс болды, оның 70-ке жуығы кәмелетке толмағандар.

Сонымен қатар мәлімдемеде Рубая шахталары қазіргі уақытта «23 наурыз қозғалысы» /м23/ көтерілісшілер тобының бақылауында екендігі көрсетілген, бұл құтқару жұмыстарын қиындатып отыр.