Коньки тебушілер ұлттық федерациясының құрметті президенті лауазымына Болат Жәмішев сайланды

Құрылтайшылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Федерацияның құрылымына өзгертулер енгізілді, деп жазды «Казахстанская правда» газеті бүгінгі нөміріндегі «Избраны единогласно» мақаласында,

Атап айтқанда Коньки тебушілердің ұлттық федерациясына құрметті президент, атқарушы директор және спорттың 3 түрі бойынша (Федерация коньки спорты, шорт-трек және мәнерлеп сырғанауды біріктіріп отыр) вице-президенттер сайланды.

Құрылтайшылардың берген дауыстарының нәтижесі бойынша, аталмыш федерацияның құрметті президенті лауазымына Болат Жәмішев (қаржы министрі), Президент қызметіне Василий Крылов және атқарушы директор лауазымына Радик Бикчантаев сайланды.