Конькимен қысқа уақытқа билеу жарысында алтын медаль қытайлық жұптың еншісінде кетті

Жұптың мұз айдынында құлау В.Адониевтің өз қимылын дұрыс есептемей, тайып жығылуынан болды. Салдарынан төрешілер жұптың жинаған жалпы ұпайынан 2,0 ұпай шегеріп тастады. Нәтижесінде отандық спортшылар 36,22 ұпаймен төртінші орынға орналасты.

Ал алтын медальды 53,11 ұпай жинаған қытайлық жұп - Хуан Синьтон (HUANG Xintong) мен Чжен Сюнь (ZHENG Xun) жеңіп алды. Күміс медаль 50,97 ұпай жинаған жапондық жұп - Рид Кэтфи (REED Cathy) мен Рид Кристің (REED Chris) еншісіне тисе, «қола» 50,70 ұпай жинаған Ю Ксиан (Yи Xiaoyang) мен Ванг Ченнің (
WANG Chen
) маңдайына бұйырды.

Қазақстаннан кейінгі соңғы бесінші орынды Солтүстік Кореяның спортшылары Хон Е Гион (HONG Ye Gyong) мен Чо Мин (CHOE Min) тұйықтады.