Конькимен жүгіру жарысында қазақстандық Дмитрий Бабенко күміс медальды иеленді - Азиада


Бүгін 7-Қысқы Азия ойындарының аясында Астанадағы «Алау» спорт сарайында ерлер арасында 5000 метр қашықтыққа конькимен жүгіру жарысы өтті.

Ойын нәтижесінде «алтынды» - оңтүстіккорейлік спортшы Ли Сьюн Хун, «күмісті» - Дмитрий Бабенко, ал «қоланы» - жапондық Хироки Хирако жеңіп алды.