Бұл оқиға Internationales Rennen (Инцель, Германия) халықаралық турнирінде болды. Жаңа жоғары көрсеткіш - 3.43,98. 3 мың (3.45,08) метр қашықтықтағы бұған дейінгі рекорд (өзі орнатқан) 2009 жылы Калгарда орнатылған болатын.
Бұл туралы бүгін «Казахстанская правда» газетінде жарық көрген «Рекордная серия Бабенко!» мақаласында жазылды.
Петропавлдық спортшыға 4 ұлттық рекорд тиесілі. 10 000 метр дистанциядағы нәтижені жақсарту тек желтоқсан айында - Астанадағы «Алау» стадионында өтетін Әлем кубогының кезеңінде мүмкін болады. Бұл қашықтыққа коньки тебуде рекорд 2006 жылдың наурыз айынан жаңартылған жоқ.