Конституция күнін тойлауға байланысты елімізде демалыс күндері өзгертілді

Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мерекелер демалыс күндері деп жарияланатынына байланысты республика тұрғындары 28, 29 және 30-тамызда демалады.

Алайда қаулыға сәйкес, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген азық-түлік өнімдерін өндіретін, сондай-ақ, құрылыс, қаржылық және басқа да қызмет түрлерін көрсететін ұйымдар еңбек ырғағын бұзбау үшін 29-тамыздағы жұмысын кәсіподақтармен келісе отырып жалғастыра беруіне мүмкіндік берілген. Бұл күнгі жұмысқа республика заңнамасына сәйкес ақы төленеді.