"Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Елордасының әкімдерін тиісті мәслихаттардың келісіміен тағайындау ұсынылуда",- деді бүгін Н.Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстыру барысында.
Мемлекет басшысы бұған қоса мәслихат тарапынан әкімге сенімсіздік таныту процедурасын жеңілдетуді ұсынды. Мәселен, жаңа заң жобасында қарастырылғанындай, "жалпы мәслихат депутаттарының бестен бір бөлігінен аз емес бөлігінің бастамасымен әкімге сенімсіздік таныту жөнінде мәселе көтеруге болады". "Мұндай жағдайда мәслихат жалпы депутаттардың басым бөлігінің дауысымен әкімге сенімсіздік білдіріп, не Қазақстан президентінің, немесе жоғары сатылы әкімнің алдына оны қызметтен босату туралы мәселе қоюға құқылы",- делінген заң жобасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті