Конституцияға енгізілген түзетулер Конституциялық кеңестің іс-қызметін пәрмендендіреді, деп пайымдайды кеңес төрағасы

"Жаңартылған Конституция Конституциялық кеңестің Ата заңға түсініктеме беруге қатысты іс-қызметін пәрмендендіре түспек. Бұл нормативтік-құқықтық актілердің иерархиясында кеңестің нормативтік қаулыларының ережелері мен мәртебесіне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді",- деді И.Рогов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті