деп мәлімдеді кеңес төрағасы Игорь Рогов.
«Өткен жылдар ішінде кеңес 25-тен астам заң мен халықаралық келісімді ел Конституциясына қайшы деп тапты», - деді ол сәрсенбідегі брифингте.
«Олардың арасында: Конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Азаматтық кодекстің алғашқы редакциясы, Қазақсан парламенті туралы, Діни сенім бостандығы, жылжымайтын мүлік құқын мемлекеттік тіркеу және тағы басқа заңдар бар», - деді И.Рогов.
Оның айтуынша, жалпы 18 жылда КК «190-ға жуық өтінішті» қарап шыққан.
«Олардың басым бөлігі мемлекет басшысынан (21), парламент палаталарының төрағалары мен депутаттардан (74), соттардан (66), премьер-министрдің атынан (27) келіп түсті. Конституциялық кеңес шамамен 140 нормативтік қаулы мен 18 жыл сайынғы жолдауды қабылдады», - деді КК басшысы.