"18-маусымда Конституциялық кеңестің отырысы өтіп, онда парламентттің бір топ депутатының "ҚР конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007-жылғы 21-мамырдағы заңның қабылдануына байланысты конституция нормаларына ресми түсініктеме беру туралы жолдауын қарайды.
Осы орайда еске салсақ, 6-маусымда бір топ депутат Конституциялық кеңестен үшінші шақырылған парламенттің таратылу мүмкіндігі туралы түсініктеме беруді сұрады. Атап айтсақ олар "Конституциялың жаңа тиісті нормаларының жедел қолданысқа енгізілуі үшін мәжіліс өз бетімен тарауға шешім қабылдай ала ма, егер ол мүмкін болмаса, мемлекет басшысы өзінің мәжілісті тарату жөніндегі конституциялық өкілеттілігін пайдалана ала ма?", деген сауал тастаған.
Сонымен бірге депутаттар Конституциялық кеңеске "қазіргі шақырылымдағы парламент мәжілісін тарату парламент депутаттарына жаңа өкілеттіліктер берудің жаңа тәртіптерін белгілеу мүмкіндігін қарастырып заңдастыратын Конституция нормаларын қолданысқа енгізуге негіз бола ала ма, егер негіз болса, онда төртінші шақырылған мәжіліс сайланғаннан кейін республика парламенті жаңа конституциялық өкілеттіліктерге ие бола ма", деген сауалға жауап беруді сұрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті