"Төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында мемлекет басшысы депутаттар алдына жаңа буын заңдарының жобасын жасау және олардың жүзеге асырылуына ықпалды бақылауды қамтамасыз ету мақсатын қойды", -деп еске салды С. Дьяченко.
"Осыған байланысты біз конституциялық аяға енгізілген саяси жаңашылдықтарды бекіре түсуге бағытталған бірқатар заңдар мен оларға түзетулердің кешенін қарап, талқылап, қабылдауымыз қажет", -деді ол.
Атап айтсақ, "саяси модернизацияны заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету, сондай-ақ, қолданыстағы құқықты Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкестендіруді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін парламент сот жүйесі мен судьялардың мәртебесіне, парламенттің комитеттері мен комиссияларының іс-қызметіне, сондай-ақ, еліміздің Конституциялық кеңесінің іс-қызметіне қатысты заңдарға енгізілетін түзетулерді қабылдауы керек". "Бұған қоса, саяси партиялар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс-қызметін реттейтін заңдар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күресті одан әрі күшейтуге бағытталған заң жобалары қаралады", - деді мәжілістің вице-спикері.
Ол қазір Конституцияның жаңа нормаларына сәйкес "Қазақстан Республикасының президенті туралы", "Қазақстан Республикасының үкіметі туралы", "Қазақстан Республикасының парламенті мен оның депуттарының мәртебесі туралы", " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы", "Республикалық референдум туралы" конституциялық заңдарға түзетулер енгізілгенін еске салды.
"Осынау аса маңызды заңнамалық актілер республикадағы саяси биліктің құқықтық тұғырнамасын құрайтындықтан, бірінші кезекте түзетуді талап етті", -деді С. Дьяченко.