Контрабандалық жолмен әкелінген арақ-шарапты сот орындаушылары бас пайдаға жаратқан


Тіпті біреуі қымбат қораптарға оралған арақ-шарапты пәтерінің қақ төріне жинап қойыпты. Қалғанын саудаға салған. Контрабандалық жолмен әкелінген ащы сусынның құны 2 жарым млн. теңге шамасында. Осы қаржыны сот орындаушылары заңсыз айналымнан алып, көзін құртудың орнына қалталарына баспақ болған. Қаржы полициясы оларға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғады.