Ол «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер алып беремін деп алдап, 6 жыл ішінде К. деген көп балалы анадан бөліп-бөліп 600 000 теңгеден астам ақша алып келген. Б.Жайламова 20 маусымда департамент қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының барысында қалған 1 000 АҚШ долларын алу барысында қылмыс үстінде ұсталды.
23 маусымда Б.Жайламоваға қатысты ҚР ҚК 177-бабының 3-бөлігі «г» тармағымен қозғалған қылмыстық іс оның өзінің кінәсін толық мойындауына байланысты, сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріс тәртібімен сотқа жолданды.