Бұл тәжірибе ҚР кедендік бақылау агенттігінің бастамасымен еліміз бойынша шекаралық ірі транзиттік тексеру бекеті - Шарбақты кеден бекетінде жүзеге асырылуда.
Департамент төрағасының айтуынша, кедендік тексеру-өткізу бекетін жаңа техникамен жарақтау осындай ауқымды эксперимент өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Тексеру-өткізу бекеті "бір терезе" принципі бойынша жұмыс істейді деп күтілуде. "Соның нәтижесінде жүктерді кедендік тексеру мерзімі екі есе қысқарады",- дейді С.Мүлкин.
Жарты жылға созылатын эксперименттің бірінші кезеңінде жүктерді бірлескен кедендік тексеруден өткізу межеленген. Бұдан әрі, тәжірибе нәтижелі болған жағдайда құжаттарды бірлесе рәсімдеу шарасы қолға алынады.