Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Батыстан келген заңгер Жумагалиев Мереке біздің Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің тергеушілеріне шок болып отыр.
Көп соммадағы Алаяқтық істі біздің тергеушілер қысқартып тастаған.
Ал мен таң қалған жоқпын, себебі біздің Шымкент полициясы осындай.
Бүкіл елге МАСҚАРА болып жатсыңдар!
13 378 610 теңгені алаяқтық жолмен иемденіп алған адамды, арыз түскен күні қамаймыз деп алып, сол күні босатып жіберген тергеушіні, Дәлібеков мырза білмей отыр дегенге мен сенбеймін!
Абай аудандық полиция бөлім тергеушілерінің іс-әрекетін, Абай аудандық прокуратура қалайша құптаған?!
Антикор Шымкент ұйықтамаймыз?!", - деп жазды Айгүл Орынбек.