Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Көбіне тұтығуға ұл балалар ұшырайды. Ұлдар сүндетке отырады, одан кейін ұлдардың психикасы қыздарға қарағанда нәзіктеу. Оны психотерапевттермен зерттеу жасап жатырмыз. Статистика бойынша да, біздің алдымызға келгендер бойынша да ұлдар өте көп. 1 потокта жетеуі ұл, біреуі қыз болады. Сүндеттелген кезде қорқып қалады, одан кейін қуықтың жоғары жағында төменгі диафрагма бар, сол төменгі диафрагмадан қолауды аламыз. Сол жаққа күшенеміз, содан дыбыстарды шығарамыз. Сүндетке отырған кезде сол қатты жиырылып қалатын сияқты. Өйткені, көп тұтығулар сүндетке отырғызғаннан басталады”, - деді маман.
Сондай-ақ, сұхбат барысында маман Қазақстанда 2 миллионға жуық адамның тұтығатынын айтты.
”Әлемдік статистика бойынша, әрбір 100 адамның біреуі тұтығады. Қазақстанда 2019 жылы бір статистика берілген, 436 мың адам тұтығады деген. Соның 185 мыңы ауыр түрде деп беріледі. Балалардың 40%-ын құрайды. Бірақ бұл 2019 жылғы статистикасы. Менің білуімше тұтығу бойынша стататистика 10 жылда бір беріледі. Әзірге жаңаланған статистика жоқ, бірақ біздің іздестіріп, сұрастырғанымызға қарай Қазақстанда қазіргі таңда 2 миллионға жуық адам тұтығады”, - деді маман.