1983 жылы жазыған Рэй Кунидің пьесасы Ұлыбританияның жүз үздік пьесалары қатарына жатады және қазіргі драматургияның классикасы болып саналады.
Спектакльдегі басты рөл - екі әйелі бар қарапайым лондондық таксист Джон Смит. Ол туындаған мәселелерді жасырғысы келеді, алайда әйелдері мен полиция мән-жайды ең соңында біліп қояды.
Үлкендерге арналған спектакль театр қонақтарының барлығының көңілінен шықпаса да, зал кейіпкерлермен бірге уайымдап, күліп, қойылым аяқталған соң, ду қол шапалақтады.