Көппартиялы жүйе Қазақстанда терең тамыр жайған - халықаралық бақылаушылар

"Кешегі сайлау нәтижесінен белгілі болғандай, "Нұр Отан" партиясы басымдықпен жеңіске жетті. Басқа да алты партияның жеті пайыздық көрсеткішпен жеңіске жете алмағандығына қарамастан, көппартиялы жүйе Қазақстанда терең тамыр жайғандығын көріп отырмыз",- деп мәлім етті Д. Витт бүгін баспасөз мәслихатында. "Біз 2004 жылы абайлықпен жасаған осы тұжырым қазір түпкілікті жүзеге асты",- деп қосты ол.

АҚШ өкілі, негізгі екі оппозияциялық партияның ("Ақ жол" мен ЖСДП) жинаған дауысын қосқанда жеті пайыздық барьерден асып жығылады деді. "Осыған байланысты біз, оппозициялардың ұсынған идеялары, ұсыныстарын биліктің жүзеге асырғанын атап өткіміз келеді: президенттің бастамасымен Конституцияға түзетулер енгізу арқылы, сіздердің үкімет жүргізіп отырған өзгерістер арқылы, немесе басқа да механизмтер арқылы",- деп атап көрсетті Д. Витт. "Сондықтан да оппозиция жеңіліс тапқанымен, оның идеялары жеңіске жетті",- деп қорытындылады АҚШ өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті