Көпқабатты тұрғын үйлерге камераларды орнату заңмен бекітілмек


Яғни, бұдан былай жаңадан салынған баспаналарға міндетті түрде бейнебақылау құрылғылары орнатылмақ. Онсыз кез-келген тұрғынүй пайдалануға берілмейді. Өйткені, камералар тұрғындардың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруіне мол мүмкіндік береді екен. Оның үстіне бұл –полицияның ұсақ-түйек қылмыс пен ұрлық-қарлықты тез анықтауына үлкен септігін тигізбек. Прокурорлар сондай-ақ, стадион, концерт залдары бизнес орталық пен базар сынды кісі қарасы көп жерлерге де камера қоюды ұсынып отыр. Ол үшін қанша қаржы кететінін де санап қойыпты. Мысалы, кәсіпкерлер 5-7 мың теңгеге камера орната алатын көрінеді. Бірақ тұрғынүйге камераны құрылыс компаниясы қоя ма әлде жұрттың өзі жылу жинап сатып ала ма, бұл жағы нақтыланбаған. Десе де, Бас прокуратура жеке бастың қауіпсіздігінен ақша аямауға кеңес беріп отыр.