Бұл туралы ол халыққа жолдауында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлдем жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады. Мемлекеттік және квазимемлекеттің сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет. Осының бәрін жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылдануға тиіс. Мемлекет пен жеке меншік серіктесінің жаңа үлгісіне көшу керек. Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпегіне айналды. Келісім шарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс. Осы мақсатта тиісті заң қабылдау қажет", - деді Тоқаев.