"Көптен күткен жаңалық": Айжұлдыз Адайбекова сүйінші жаңалығымен бөлісті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса қуанышты жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.

"Біз сені көп күттік, балапан", - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары актрисаны қуанышты жаңалығымен құттықтап, өзі мен сәбиіне жылы тілектерін жаудырып жатыр.

"Қуаныштымыз, бөпеңіздің бауы берік болсын", "Керемет жаңалық, аман-есен үйлеріңізге оралыңыздар", "Бауы берік болсын балапанның" деп жазуда олар.