Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,82 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 471,46 теңге.
Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 52 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,45 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 469,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 472,9 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 468 теңге, сатып алу құны – 473 теңге. Ресей рублі 5,27 - 5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.