Қор нарығында доллар 1,42 теңгеге қымбаттады

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы kazinform.kzке сілтеме жасап хабарлайды.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,42 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 443,44 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы — 1 долларға 441,58 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,86 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 444,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 446,3 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 442 теңге, сатып алу құны — 447 теңге.

Ресей рублі 4,85 — 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.