Қор нарығында доллар арзандады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,54 теңгеге төмендеп, 1 доллар 472,62 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 473,15 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 473,2 теңге, сатып алу – 474,9 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 471 теңгеден болса, сатып алу – 476 теңге.

Алматыда Ресей рублі 5,29 – 5,39 теңге аралығында саудалануда.

Астанада көрші ел валютасы 5,3 – 5,45 теңгеден сатылып жатыр.