Қор нарығында доллар бағамы түсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,46 теңгеге түсіп, 470,80 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 471,45 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 467,00 теңгеден сатып алынады, 474,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 542,00 теңге, сату - 552,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,35 теңге, сату - 6,65 теңге.

- юань: сатып алу - 67,62 теңге, сату - 73,04 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 471,09 теңгеден сатып алынады, 473,31 теңгеден сатылады. Еуро 546,26 – 551,22 теңге, ал рубль 6,38 – 6,51 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,63 теңгеден сатып алынады, 70,16 теңгеден сатылады.