"Қордайда да "хуторшыл хасаншылдар" бар": Сәуле Әбілдаханқызы күтпеген мәлімдеме жасады

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы журналист өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Әскерің - анау... қатындар - мынау... ұлдарың - малғұнтектес, қыздарың - шайтантектес... екінің бірі хасантектестер... Негізі, "Талғар синдромы" барлық жерде бар........

Мынау - 9 қазан күні Қордайдағы "Тұран" кафесінде болған оқиға. Қанжоса боп таяқ жеген - Дүйсенова Айнұр. Жасы 40-та.

Ватсапқа суреттерін жібергенде шошып кеттім. "Күйеуі ұрған шығар" деген ой келді. Жоқ, олай емес екен. Айнұрды - дап-дардай қатындар ұрып, қанжоса қылыпты. Не үшін дейсіз ғой? Үш самсаның ақшасы үшін... және.... арақ ішпегені үшін!.. (бәлкім 5-10 самса болар, маңызды емес...) Естіп отырсыз ба? Дап-дардай қатындар!....... Үш самсаның ақшасы үшін!....... Арақ ішпегені үшін!.... Түсінесіз бе?..........

Ватсапқа жазған Айнұрдың өз сөзін қаз-қалпында салайын:

"8 балалы ана кафеге қонаққа шақырды. Біздің столға басқа қыздар қонаққа келіп, шоттарын төлемей, біздің қыздарға төлетіп шығарып тастапты. Мен ол кезде телефонменен күйеуіменен сөйлесіп жүрген едім. Шықсам падрушкаларымды ментпенен шығарып тастапты. Жемеген самсасына ақша төлетіп. Админстратор маған кіре беріңіз деді, падрушкаларыныз кірмейді деді. Сосын кіріп біздің столда отырып жеп кеткен қыздарды іздедім. Сол кезде базарда істейтін қатындар келіп, маған арақ іштірмекші болды. Мен ішпей қойдым. Қолдарын қайтарғаным үшін 2 қатын мені ұрып, киімімді жыртып, шашымды жұлып, мұрнымды сындырды. Енді менттер сол қатындарға болысып жатыр, мен бальницада жатырмын. Жағдайымды сұрап келген де жоқ, кешірім де сұраған жоқ. Не істесе ол істесін деп жатыр. Сонда олар білгенін істеп тайраңдап жүре беру керек, ал біз осылай таяқ жеп өле беруіміз керек пе? Қалай талап ете аламын?. Көмектесіңіздерші!!........" деп жылап отыр Айнұр. Ол екі қатынның аты - Роза, Бота екен.

Қордай полисайы неге жәбірленушіге емес, қатыгез қатындарға болысады? Учасковый полисай Нұрбай неге жәбірленушіге ол екі бұзық қатын туралы ешқандай мәлімет бермей, неге қылмыскерлерді жасырып отыр?

Бұл оқиғаны ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қатаң бақылауға алуын сұраймын. Айнұрдың шиеттей 7 баласы бар. Ертең оған бірдеңе болса, екі қатын ғана емес,соларды жақтаған Қордай полисайы да кінәлі болады... бәлкім, Қордайда да "хуторшыл хасаншылдар" бар шығар?..", - деп жазды ол.