Қордың стипендиаты Аружан Маратова: Арманыңызға сеніңіз!

- Кішкентай кезімнен билеймін, биді ұнатамын. Өз ісімді жақсы көремін, әрі қарай дамуды және жетілдіруді жалғастыруға ниеттімін, — дейді Аружан Маратова.

Стипендиаттың жан-жақты екенін жетістігінен білуге болады. Атап айтсақ, «Сен жұлдызсың» халықаралық байқау-фестивалі, WorldSkills Shygys-2021 аймақтық чемпионаты, «Мен тұратын қала!», «Ең үздік бейнеролик – 2022» номинациясы бойынша бейне монтаждау бойынша байқау, «Стань Звездой» халықаралық байқау фестивалі, «Талант-Шоу Круче всех» халықаралық байқау фестивалі, «Если ты образован, наблюдай» интеллектуалды байқауы және т.б.

- Қор туралы алғаш рет оқу орнымнан естідім. Үздік оқуға тырысатындықтан және әрдайым түрлі байқауға қатысатындықтан, оқытушылар осы байқауға қатысуды, мүмкіндігімді сынауды ұсынды. Мен үшін стипендиябұл үлкен мотивация және қаржылай қолдау, - дейді Аружан.

«Ең бастысы, өзіңе деген сенім мен мақсатқа жетуге деген батылдық. Әрқашан адал болу, өскелең ұрпаққа үлгі болу маңызды! Арманыңызға сеніңіз!», - деді ол жастарға қарата.