Көре алмаушылар көп - Cпорт комментаторы Шайдоров туралы бар шындықты айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Мәнерлеп сырғанауда тек бізде ғана емес, әлем бойынша да бәсекелестік өте қатал. Бұл — өнермен астасқан спорт түрі. Мысалы, Мәскеудегі үлкен театрларда балет әртістерінің киетін пуанттарына әйнек салып жіберетін жағдайлар болған. Сол сияқты бұл жерде де конькиді бүлдіру секілді әрекеттер кездеседі», — деді Әлжанова.

Журналист мұндай көреалмаушылық спортта жиі кездесетінін атап өтті.

«Бұл тек Қазақстанға тән емес, жалпы әлемде бар нәрсе. Тіпті, атақты бапкер Татьяна Тарасованың өзі мәнерлеп сырғанаудағы ортаны “кәдімгі серпентарий” деп сипаттаған», -деді ол.