Көреген бол

                             Кәрі монах бір жас шәкіртін ертіп сапарға аттанады. Ауыл сыртында оларға ауыл әкімі кездеседі. Әкім монах пен шәкірті өзін күтіп алу үшін алдынан шыққан екен деп ойлап:

- Бекер әуре болдыңыздар ғой, - деді.

- Қателесесіз,  тақсыр,-деді шәкірт. – Біз сапарға аттанып барамыз. Бірақ егер біз сіздің келетініңізді білген болсақ,  міндетті түрде күтіп алар едік.

Монах үндемеді. Кешкісін ол :

 - Біздің оны күтіп алуға шықпағанымызды айтудың қанша қажеті болды? Көрмедің бе, оның ыңғайсызданып қалғанын? - деді.

- Біз оған шындықты айттық қой. Алдаған жоқпыз.

  -Жоқ, - деді кәрі монах, -Онда ол өз-өзін алдар еді, ал әзір біз оны ренжітіп қойдық.

                       

                                  * * *


Көреген бол

Кәрі молда шәкіртімен бір соқыр пақырдың қасынан өтіп бара жатады. Ол жол жағасында қайыр-садақа сұрап отырған болатын.

- Садақа бер, - дейді ұстазы.

Шәкірті пақырдың бас киіміне тиын-тебен тастайды.

- Құрмет ретінде сен бас киіміңді шешуің қажет еді,- дейді ұстазы. 

- Не үшін? - дейді түсінбеген шәкірті.

- Қайыр-садақа берерде әрдайым осылай істеу керек!

- Не үшін?! Оның көзі көрмейді ғой, ол соқыр емес пе?!

- Есесіне сенің көзің көреді... - деп жауап берді ұстаз.

Автор: Жүрсін Кәрім