Корейлік танымал «I MAESTRI» ерлер хоры Алматы мен Астанада өнер көрсетеді


Айта кетерлігі, «I MAESTRI» ерлер хоры 2006 жылдың мамыр айында құрылған болатын. Оның құрамында Кореяда, сонымен қатар Жапония, Ресей, Қытай сынды елдерде де бірнеше мәрте концерт берген корей өнер университеттерінің 60 профессоры бар.

Концерт 27 тамыз күні Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында және 29 тамыз күні елордадағы Конгресс-Холл сарайында өтеді. Онда корейлік ерлер хорымен қатар Қазақстанның опера әншісі Нұржамал Үсенбаева және Қазақ ұлттық өнер университеті мен П. Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің вокалшылары өнер көрсететін болады.