«Құрлықтық сынның алғашқы алтыны қытайлықтардың қоржынында. Ал өзбектер күміс пен қолаға қол созды», - деп жазады Аlaman.kz сайты.
Қытай қызы Ендженг Янг екі жаттығу қорытындысы бойынша 200 келіні (92+108) бағындырды. Күміспен күптелген өзбекстандық Марина Сисоева 178 келіні (75+103) көтерді. Қола жүлдегер тағы бір өзбек - Махилио Тогоева - 177 келіні (76+101) басынан асырды.
Бұл салмақта бақ сынаған қазақстандық Галина Мамотова (В тобы) 167 келіні (75+92) көтеріп, 7-орынды місе тұтты.
Осы тұста айта кетейік, Париждегі әлемдік сынның күміс жүлдегері тай қызы Панида Кхамсри жұлқа көтеруде 84 келіні бағындыра алмай, жарысты ерте аяқтады.