Кореядағы Қазақстан азаматтары арасында MERS вирусын жұқтырғандар жоқ - ҚР СІМ

«Қазіргі уақытта Қорея Республикасындағы Қазақстан азаматтары арасында таяушығыстық респираторлық синдромның короновирусын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ. Аталған короновирустың әсіресе Оңтүстік Корея аймақтарында таралуына байланысты, шетелге шығатын және қазіргі уақытта шетелде жүрген азаматтарымызға барлық сақтық шараларын қадағалау қажеттігіне назар аударамыз. Төтенше жағдайларда Қазақстанның Елшілігіне хабарласуды сұраймыз, - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, таяушығыстық респираторлық синдром адамнан алғаш рет 2012 жылы анықталды. Бұл ауру 2003 жылы Қытайда ауыр өткір респираторлық синдромының жаппай тарауына себеп болған бірдей типті коронавирусынан болған. Қалтырау, жөтел, пневмония еріп жүретін бұл ауру бұған дейін кем дегенде тоғыз елде, соның ішінде Катар, Иордания, Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия, Сауд Арабиясы, БАӘ және Тунисте тіркелген.

Қазіргі кезде зертханалық түрде аурудың 1116 оқиғасы тіркелген, кем дегенде 423 адам көз жұмды. Бұл вирус алғаш рет 2012 жылы Сауд Арабиясында анықталды. Тұмау вирусы сияқты, ол да ауа-тамшы жолымен таралады.